16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Жаңа балабақша ашылды

Қойнауы құтты, аналарының құрсағы алтын Оңтүстік Қазақстан облысында балабақша көбейту мәселесі қашанда өзекті. Өйткені еліміздегі әрбір төртінші бала күнгейде өмірге келетінін ескерсек бала бақша жетіспеушілігін жою күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қалуы түсінікті де. Балаларды балабақшамен қамту мәселес жыл санап өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі балалардың 80 пайыздан астамы бөбекжайлармен қамтамасыз етілген. Жуырда облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, Түркістан қаласына сапары барысында тағы бір балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, Жансейіт Қансейітұлы Жүйнек ауылдық округіндегі 120 орындық «Шамшырақ» балабақшасының ашты. Жүйнек ауылдық округіндегі 120 орындық «Шамшырақ» бала бақшасын ашудағы негізгі мақсат – ауыл округіне қарасты орта мектеп ішіндегі 234 баламен жұмыс жасап істеп шағын орталықты орналастыру үшін, мектеп ғимаратындағы сынып жетіспеушілігі мәселесін шешуге яғни арнайы бала бақшаға арнап салынған ғимараттың қажеттілігінен туындаған болатын. Балабақша ғимараты заманауи сапа страндарттарына сай. Жап жаңа, жұтынып тұр. Құрылыс жұмыстарын өткен жылы басталған болатын. Оны бас мердігер «Ныш — Ер» ЖШС-і жүргізді. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың мамыр айында аяқтап, бүгін қолданысқа беріп отыр. 120 балаға арналған «Шамшырақ» бала бақшасы бүгінде қажетті толықтай құрал-жабдықтармен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР