26-04-2024
15.3 C
Шымкент

Кентау көркейіп келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев Кентау қаласында жұмыс сапарымен келді.Төлеген Қапсалықұлы ең алдымен Кентау қаласына қарасты 15 мың тұрғыны бар Қарнақ ауылына барып ондағы Кентау қаласын және оған қарасты ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша №14 АГТС құрылысымен танысты. Қаланы толықтай жылумен қамтып отырған №5 Жылу орталығында болған басшылық атқарылып жатқан жұмыстарментанысып, нысанды толықтай аралап шықты. Айта кетейік, 23 қазаннан басталып, бюджеттік мекемелер (101 мекеме), жеке тұрғын үйлер (2073 үй) мен көпқабатты тұрғын үйлер (326 үй) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Аралау барысы Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру (ІІІ кезең) жұмыстарымен және«Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның жұмыстарымен жалғасты. Қаладағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды көзбен көрген әкім орынбасары жұмыстарға  оң бағасын берді. Бүгінде еліміздегі моноқалалардың көшін бастап тұрған Кентау бүгінде өсіп, дамып, көркейіп келеді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР