test
07-07-2024
24.3 C
Шымкент

Астық орағы аяқталуға жақын

Күзгі орақ науқанына диқандар күшті даярлықпен кіріскенін айта кеткен жөн. Ауылшаруашылық мамандарының соқа-сайманы жөнделіп, техникалық базасы да толықтай жаңартылған. Биылғы орақ жұмысына 100-ден астам комбайн техникасы қатыстырылыпты. Осындай тың күштерге қарамастан, ауданда егіс науқанының жылдағыдан кеш аяқталатын түрі бар. Жағдайдың бұлай қалыптасуына – күн райының қолайсыздығы мен бидай масақтарының кеш пісуі себеп. Ендігі іс – бұйырған астықты төгіп-шашпай сақтау. Сары алтынды сақтағаннан гөрі, сатып, пұл қылуды көздеген аудан диқандарының біраз ұрттарының майланатын түрі бар. Себебі, биыл жиналған астықтың сапасы да жоғары, оның үстіне бидай бағасы да аспандап тұр.

Биыл аудан диқандары бидай мен арпаны қосқанда 30626 гектар жерге дән сепкен болатын. Табиғат – Ана кеңпейілдік танытқанда, аталған алқаптан молырақ астық жинауға болар еді. Бірақ, биылғы ауа райының қолайсыздықтары диқандарды оншалықты қуанта қоймады. Олай дейтініміз, көктемгі жауын да егістікке толық жауып жарытпады. Десек те, бұл науқанның былтырғыдай болмасы – жыл басында-ақ белгілі болған. Табиғаттың осы сиқынан секем алған мамандар қолдан келгенше тыңайтқыштарын сеуіп, әліптің артын бағудан басқа амал таппаған. Осының нәтижесінде, аудан көлемінде жер тырмалап, нәпақасын айырып жүрген жандар еңбектерінің арқасында мандай термен еккен жемісіне қол жеткізіп отыр. Атап айтар болсақ, Ағыбет өңірі – гектарына 14 центнер, Ақбастау – 14,5 центнер, Алғабас – 10,5 центнер, Алмалы – 14,0, Боралдай – 14,7, Жамбыл – 10,3, Көктерек – 16,6 центнерден бидай алып отыр. Мұның есесіне, Бөген атырабы гектарынан 9,7 центнер астықты місе тұтуда. Борлысай аумағында 2200 га. егілген егіннен ешқандай түсім болмаса, ал Мыңбұлақ округі мен Шаян ауылының аумағында мүлдем егін егілмеген жайы бар. Жалпы алғанда, ауданда гектарына орташа түсім 13,7 центнерден айналған. Шынын айтқанда, биылғыдай құрғақшылық жылында мұның өзі жаман көрсеткіш емес. Облысымыздың өзге аймақтарындағы бидай шығымына қарап, барға шүкір деуге болады. Деректерге сүйенсек, Көктерек өңірі гектарына өнім жинау, алтын астық шығымы жағынан аудан бойынша алдыңғы қатарда болса, егістіктің көлемі жағынан аграрлы аймаққа жататын Боралдай округі алдыңғы шепте. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мамандарының есебінше, егін орағы осы айдың ортасына таман 100 пайыз аяқталмақ.
Күзгі орақ науқанына диқандар күшті даярлықпен кіріскенін айта кеткен жөн. Ауылшаруашылық мамандарының соқа-сайманы жөнделіп, техникалық базасы да толықтай жаңартылған. Биылғы орақ жұмысына 100-ден астам комбайн техникасы қатыстырылыпты. Осындай тың күштерге қарамастан, ауданда егіс науқанының жылдағыдан кеш аяқталатын түрі бар. Жағдайдың бұлай қалыптасуына – күн райының қолайсыздығы мен бидай масақтарының кеш пісуі себеп. Ендігі іс – бұйырған астықты төгіп-шашпай сақтау. Сары алтынды сақтағаннан гөрі, сатып, пұл қылуды көздеген аудан диқандарының біраз ұрттарының майланатын түрі бар. Себебі, биыл жиналған астықтың сапасы да жоғары, оның үстіне бидай бағасы да аспандап тұр.
Кеңес заманында қаладағы кәсіпорындардан, одан қалды іргелес аудандардан көмекке адам шақырып даңғаза ұранмен бір жарым-екі айда әзер аяқтайтын егін орағын қазір әр шаруашылық өз күшімен екі-үш аптада бітіріп алады. Мұның бәрі – шетелдік алымдылығы жоғары техниканың арқасында қол жеткізіп отырған жетістік. Мысалы, кеңес заманындағы бес комбайнның орғанын қазір жалғыз «Джондир» атқарады. Басқару түгел компьютерлендірілген, кабинасының іші жып-жылы, әрі таза. Содан болар, комбайндар орақ кезінде күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейді.
Қазіргі диқандардың қол жеткізген тағы бір үлкен жетістігі егін өсірудің озық технологиясын меңгеруге деген ұмтылыс арқылы көрініс беріп отыр. Кеңес заманында түгелдей ауа райына тәуелді болып, жаңбырлы жылдары мол өнім жинап, құрғақшылық болған кезде тұқымын да ала алмай пұшайман болатын диқандар бүгінде ылғалүнемдегіш технология арқылы жыл сайын бітік астық өсіріп жүр. Мәселен, аудан диқандары биылғы құрғақшылық жылдың өзінде 27228 тонна астықты қоймаларына құйып алды. Биыл жалпы егіс алқабының 60 пайзы ылғалүнемдегіш технология бойынша егілген. Маусым айында жауған аздаған жаңбырдан кейін ала жаздай жерге бір тамшы ылғал түскен жоқ. Бірақ, соған қарамастан, егін біршама жақсы бой көтерді. Ал, агротехникалық шаралардың бәрін мерзімінде, сапалы жүргізіп жүрген «Шағи», «Түйетас», «Ұзынбұлақ» өндірістік кооперативтері, «Атамекен-Сарқырама», «Бәйтен», «Мырзахмет-ата», «Елнұр-Ғ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері биылғы құрғақшылық жылының өзінде гектарынан он центнерден астам астық жинады. Мұның өзі егін өсірудің озық технологиясын пайдаланып, агротехникалық шараларға жете көңіл бөлінсе, ауа райының жағдайына қарамастан жыл сайын мол өнім алуға болатындығын тағы да аққа қара жаққандай анық дәлелдеді.
Аудан диқандарының биылғы тағы бір жетістігі егіншілік саласын әртараптандыруға жете көңіл бөле бастағаны десе болады. Көктемде сеуіп тастап, күзде орып алатын бейнеті аз бидайға ғана қарап қалмай, бүгінде үлкен сұраныс туғызып отырған және базарда бағасы да бидайдан әлдеқайда жоғары майлы дақылдар өсіруге аудан шаруашылықтары биыл үлкен көңіл бөлді. Ауданда майлы дақылдар егістігінің алқабы 14,425 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, картоп пен көкөніс алқаптары да біршама көбейіп, тиісінше 345,7 және 25,8 мың гектар болды. Мұның өзі аудан тұрғындарын картоп және көкөніспен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік жасайды.
Ауыл шаруашылығы науқандарын уақытында аяқтауға мемлекет тарапынан беріліп келе жатқан қаржылай көмектің тигізіп отырған ықпалы да зор. Биылғы жылы ауданның егін шаруашылығы саласы мемлекет тарапынан 54 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек алған. Ауыл шаруашылығы науқандарын өткізу үшін шаруашылықтарға бөлінген 2300 тонна жанар-жағар майдың, осы уақытқа дейін диқандар 1300 тоннасын жеңілдетілген бағамен сатып алса, оған қоса минералды тыңайтқыштармен, зиянкестермен күрес үшін қажетті химикаттармен де қамтамасыз етілген. Бір сөзбен айтқанда, егіншілік саласы мемлекет тарапынан қуатты қолдауды барлық уақытта айқын сезініп келеді.

Бағлан Нұралыұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР