test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Google өз жүйесіндегі қазақ тілді аударма сапасын тестілеуді бастады

google-translate-logo

Google Translate аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы тестілеу кезеңіне өтті.

Жақында Google компаниясы арнайы тестілеу бөлімін құрып, қазақ және ағылшын тілдерін білетін қолданушылардан Google Translate командасына қазақ тілін жүйеге қосу мақсатында көмек көрсетулерін сұрады.

Үндеуде былай делінген:

Сіз қазақ және ағылшын тілдерін білесіз бе?

Онда Google Translate-ке қазақ тілін қосуға көмектесіңіз!

Сәлем! Google Transate-ке қазақ тілін қосу үшін көмек берулеріңізді сұраймыз.

Google Translate – Google компаниясы шығарған тілдер арасында автоматты түрде аударма жасайтын тегін қызмет. Ол адамның қатысуын талап етпейтін озық технология негізінде жұмыс істейді. Егер Сіз машиналық аударма туралы және бідің аударлармалардың қалай жасалатындығы жайында білгіңіз келсе, мына бетке өтіңіз: https://translate.google.com/about/intl/en_ALL/index.html

Қазіргі таңда Google Translate 71 тіл арасында аударма жасау мүмкіндігіне ие. Біз бұл тізімді ұлғайтуға күш салудамыз. Сіздің көмегіңізбен қазақ тілі жүйеге енген келесі тіл болуы мүмкін. Егер Сіз қазақ және ағылшын тілдерін білетін болсаңыз, онда жасалған аудармалардың сапасын анықтауға көмектесе аласыз.

Сіз бізге көмек көрсетуге дайынсыз ба? Келесі бетте Сізге аударма мысалдары ұсынып, оның сапасына баға беруіңізді сұраймыз.

Сізге Google атынан және қазақша аудармашының болашақ қолданушылары атынан алғыс білдіреміз.

Үндеудің тұпнұсқасын мына жерден таба аласыз:

https://translate.google.com/about/intl/en_ALL/volunteer/kazakh.html

Google Translate-ке қазақ тілін қосу жобасының бастамашысы ретінде “WikiBilim” қоғамдық қоры ана тілінің жанашырларын Googl-дің аударма нұсқаларына белсенді түрде баға беруге шақырады.

Сізге қалауыңыз бойынша қазақ тілінен ағылшын тіліне немесе керісінше бағытта жасалған қысқа сөйлемдердің аудармасына баға беру ұсынылады. «Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттандырарлық» немесе «Нашар» деген белгілерді басу арқылы ұсынылған аудармаларға баға бере аласыз. Бір сөйлемге баға беру бір минуттан артық уақыт алмайды. Мүмкіндігінше көп сөйлемнің аудармасына баға беруге тырысыңыз. Бұл қазақ тілін жүйеге тез қосуға және аударма сапасын жақсартуға көмектеседі.

Анықтама:

Google аудармашы қалай жұмыс істейді? 

Google аудармашы сапалы аударма ұсыну үшін жүздеген миллион құжаттар ішінен үлгілер іздейді. Аударылған құжаттар ішінен қажет үлгілерді тапқан жағдайда, Google сәйкес аударманы таңдау үшін инттелектуалды болжам жасай алады. Сондықтан жүйедегі адам аударып берген мәтіндер неғұрлым көп болса, машиналық аударманың сапасы да соғұрлым жоғары болады.

Сервиске жаңа тілді қосу үшін көп көлемде өзара дәлме-дәл аударылған сөйлемдердің жұптары қажет. Аударуға арналған материал MS Word файлы ретінде және Википедиадағы мақала түрінде Google Translate жүйесіне жүктеледі. Аударма қызметінің тесттік режимде жұмыс істей бастауы өзге тілдерде баламасы бар Википедианың қазақтілді тарауындағы мақалалар санының артуының нәтижесінде мүмкін болды.

Бұл не үшін қажет?

Қызмет интернеттегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді. Мәтіндерді, құжаттарды және сайттарды әлем тілдерінен қазақ тіліне және кері қарай оңай аударуға мүмкіндік береді.

Google Translate-ке қазақ тілін қосу интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

«WikiBilim» қоғамдық қоры

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР