Әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруда, жаңа үлгідегі техника мен құрал-жабдықтар құрастыруда, жаңа түрдегі әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету, білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар енгізіп, ғылыми ізденістер үстінде жүрген ғалымдар Шымкент қаласында да жетерлік. Әр саланың жетістігін меңгерген олардың елге елеулі еңбегімен шымкенттіктер мақтана алады.
Айнабеков Алпысбай – ондаған ғылыми мақалалардың, 3 монографияның, 3 оқулықтың авторы. ҚР оқу ағарту ісінің үздігі. Қазір А.Иманқұлұлы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
Алтынбеков Бауэр – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА корреспондент мүшесі, ҚР медициналық Ғылым академиясының академигі, «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. Бүгінде ғалым ОҚМФА-да оқытушы.
Асқамбайқызы Күлзина – ОҚМФА-ның кафедра меңгерушісі. К.Асқамбайқызының 60-қа жуық ғылыми еңбегі жарық көрген, 2 оқулық авторы, КСРО өнертапқышы атағының иегері, 2 ғылым кандидатын даярлаған.
Әбубәкіров Сағынғали С.Әбубәкіров –ҚР білім беру ісінің үздігі, профессор, 50-ден астам ғылыми зерттеулер, 2 монография, 4 оқу құралын жазған. Бүгінде ғалым Академиялық Иновациялық университеті филология факультетінде ұстаздық қызметте.
Байдәулет Иманәлі – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасының бас дәрігері. Ғалым 21 еңбек жариялаған, оның ішінде 2 оқулығы бар. Оның: «Қозғалыс және оның бұзылуы, рефлекторлық қозғалыс функциясы», «Орталық және шеткері салдану синдромдары», «Сезімталдық және оның бұзылуы, жалпы сезімталдық талдағышы», «Сезімталдықтың бұзылу түрлері», «Жұлынның әртүрлі деңгейде зақымдану синдромдары», «Экстрапирамидалық жүйе», «Экстрапирамидалық жүйе және мишықтың зақымдану синдромдары», «Новый хозяйственный механизм здровохранения. Методической рекомендации», «Вегативные расстройства при хронической интоксикации неорганическим соединением фосфора» атты еңбектері медицина саласындағы үлкен жаңалық болып саналады.
Балабеков Оразалы — қызметтегі өзінің жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «СССР жаңалық тапқышы», ҚР-ның «Білім үздігі» белгісімен марапатталған. Сонымен қатар «СССР-дің құрметті химигі» атағы берілген. Ол ҚР ҰҒА-ның және инженерлік академиясы мен Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі. Профессор 370 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 6 монография, 82 жаңалық иесі.
Байдурин Серік – медицина ғылымының докторы, профессор,ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, 115 ғылыми еңбегі, оныңішінде оқу-әдістемелік құралдары және монографиясы бар. Қазіргі таңда С.Байдурин ОҚМФА-ның кафедра меңгерушісі.
Бишімбаев Уәлихан — М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Ол Москва, Санк-Петербург, Киев, Ташкент, АҚШ, Германия елдерінің ғалымдарымен, ғылыми орталықтармен тығыз байланысып, шығармашылық қарым-қатынаста еңбек етуде. У.Қозыкеұлы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер» . Профессор, доктор, ҚР ҰҒА-ның корреспонднет мүшесі, 300-гн жуық ғылыми еңбек, 3 монография,5 оқу құралының авторы.
Бәйдібеков Мәлік – медицина ғылымының докторы, профессор. Жалпы, 95 ғылыми еңбегі жарияланған. Бүгінде ғалым ОҚМФА-да қызмет жасайды.
Досжанова Гүлсім — Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ клиникасында дәрігерлік қызметте.
Ғұбайдуллин Өтеген — Музыка мен өнерге қатысты бірсыпыра зерттеу еңбек жариялакған. 1985 жылы «Қазақстан Республикасының жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер» деген атаққа ие болды. 1988 жылы доцент ғылыми атағы, «Еңбек ардагері» белгісін алды. 1999 жылдан М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры, қазір осы университеттегі Мәдениет және өнер институтының директоры.
Дайырбеков Орынбай — Медицина ғылымдарының докторы. Профессор. О.Дайырбекұлының 120-дан астам ғылыми еңбектері, 9 монографиясы, 6 әдістемелік нұсқаулары жарық көрген. Оның жетекшілігімен 4 ғылым докторы, 1 ғылым кандидаты дайындалған. Бүгінгі таңда ғалым қаламыздағы ОҚМФА-ның ректоры қызметінде.
Дүйсенбаев Келес – педагогикалық, ғылыми-методикалық және ұйымдастыру алқасынан «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО жоғарғы мектебінің үздігі» омырау белгісімен, Кеңестік мақтау грамотасымен марапатталған. К.Әлмханұлы – педагогика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық педагогика академиясының академигі. Қазір ғалым М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ұстаздық етуде.
Керімов Сатай — Шымкент қаласының тұрғыны. 1980-1987 жылдары Алматы Халық шаруашылық институтының ректоры, 1987-2000 жылдары ОҚМА-да оқытушы, доцент, профессор. С.Керімұлы Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен наградталған. Бұдан бөлек көптеген медальдармен марапатталған С.Керімұлы Мақтарал, Киров, Мырзашөл аудандарының Құрметті азаматы.
Қозыбақов Момбек — Қазақ химия технологиялық институтын тәмәмдаған. Кандидаттық, докторлық дисертация қорғаған, профессор. Қазір М.Қозыбақов М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің теория және әдістемелік кафедрасының профессоры.
Құлмаханов Ахмет — «КСРО Денсаулық ісінің үздігі», «КСРО Қызыл крест қоғамының үздігі», «КСРО Азаматтық қорғаныс үздігі», «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» белгі медальдарымен, 3 рет Облыстық Кеңесінің Грамотасымен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 50-ге тарта ғылыми еңбектері республикалық, халықаралық, таяу және алыс шетелдік басылымдарда жарияланғпн. Қазір ОҚМФА-ның профессоры.
Мұсақұлов Әмір — Филология ғылымының кандидаты, доцент. 90 еңбегі жарияланған. Оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы бар. Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, Жоғары мектептің үздігі, Облыстық мәслихат грамотасымен, Г.К.Жуков медалімен марапатталған.
Тілеубердиев Болатбек – Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Ғалымның «Көңіл гүлдері», «Оңтүстік Қазақстанның этномаркерлі топонимдік лексикасы», «Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық лексикасы» деген еңбектері бар. Қазір ғалым М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-де оқытушы болып жұмыс атқаруда.
Патсаев Әнапия – жаратылыстану ғылымдарының докторы, профессор. 3 ғылым кандидатын дайындаған. 63 ғылыми мақаласы, 1 монографиясы бар. Бүгінгі таңда ғалым М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-де кафедра меңгерушісі.
Сапарбаева Гүлшара — халыққа білім беру жүйесіндегі жоғарғы көршеткіштері үшін «ҚР оқу ісінің үздігі» деген атаққа ие болды. Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор. 1996 жылдан бері М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының ректоры қызметінде.
Сатаев Исақ – М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің профессоры. Жалпы 340 ғылыми еңбегі бар. КСРО, ҚазКСР Жоғары білім беру Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Сейітжанов Серікжан — 1995 жылы Халықаралық информатизация Академиясының корреспондент-мүшесі, 1997 жылы Халықаралық Калифорния АҚШ ғылым Академиясының белсенді мүшесі болып сайланды. С.Сейітжанұлы «Құрмет белгісі» орденімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. «Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер».
Сырманова Күләш — 1997 жылы Мәскеуде докторлық диссертация қорғаған. Қазіргі уақытта М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы қызметінде. Оның 75 ғылыми еңбегі бар. Соның ішінде 16-сы шет елдерде жарияланған. Ол Қазақ КСР-ның, КСРО-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шымкент қаласының тұрғыны.
Ысқақ Бегман — 51 еңбегі жарияланған, оның ішінде 3 монографияның, 4 әдістемелік құралдың, 1 оқу құралының авторы.Қазір қаладағы Академиялық Иновациялық Университетте ұстаздық етуде.
Омбаев Әбдірахман — 1991 жылы «Қазақстанда қаракөлше өндірудің ғылыми негіздері мен өндірістік жолдары» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 120-дан астам ғылыми еңбектері шықты. Оның ғылыми-зерттеу жолында ашқан жаңалықтары КСРО ауылшаруашылық жетістіктері көрмесінің күміс медалін және Қазақ КСР-і ауылшаруашылық жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталды.