test
01-07-2024
28.3 C
Шымкент

Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан Ақын-жазушылары

Аймақ  Әбілда

«Мерейлі мекен», «Мүшайра-92» жыр жинақ-тары арқылы оқырманға танымал. Ақынның «Ләйла», «Домалақ ана» кесенесі, «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан», «Талбесік» атты кітаптары бар. Көптеген әндердің сөзін жазды. Ақын 1992 жылғы облыстық «Мүшайраның» жеңімпазы, 1993 жылғы Алматыда өткен Республикалық жабық жыр конкурсының бас жүлдегері.
Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталған.Соңғы жылдары Әбілда Аймақтың екі томдық шығармалары жарық көрді.
2004 жылы Түркия Республикасы мәдениет жэне туризм Министрлігінің ұйымдас- тырумен «Түрік әлемінің жаңғырығы» атты Халықаралық ақындар жарысында 84 шығарманың ішінде 1 орын алып, Халықаралық Физули атындағы сыйлықты алды.

Алдияр Бақытжан 

Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.
Ол көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М. Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері.
Сондай-ақ, Сорос қорының, Түркістан, «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері.
Өлеңдері 3 жинаққа енген, 3 жеке кітабы бар. Тұңғыш рет өлеңдері 21 жасында «Жыр додасы»- 1995 атты жинақта жарық көрді. Соңғы жыр кітабы «Құбыла» 2006 жылы жарық көрді.

Байғұт Мархабат

Көп жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының мүшесі. «Шілде» , «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Дауыстың түсі», «Қорғансыз жүрек», «Машаттағы махаббат», «Әдебиет пәнінің періштесі», « Ақпандағы мысықтар», «Алмағайып», «Аңсар», «Қозапая», «Ауыл әңгімелері», «Салқын масақ», «Оқу залы», «Жоғалған жұрнақ», «Киікоты» кітаптары жарық көрген. Қаламгердің шығармалары орыс, украин, өзбек, қарақалпақ, түрік, саха тілдеріне аударылған. Василий Шукшиннің, Юрий Покальчуктің, Уашингтон Ирвингтің, Екатерина Андреевнаның туындыларын тәржімелеген. М. Байғұт — республикалық кеңінен танылған жазушы әрі журналист – публицист. Ол әдебиет пен журналистиканы дамытуға, жас кадрларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Әдебиет пен журналистика саласында түрлі талқылаулар, облыстық, республикалық, халықаралық жиындар, конференциялар т.б. маңызды шаралар ұйымдастыруға аянбай күш — қайрат жұмсайды. Әлеуметтік – экономикалық, жас ұрпақ тәрбиесі, мәдениет пен өнер, әдебиет, адамгершілік тақырыптарындағы көкейкесті материалдары «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеттері мен журналдарда жиі жарияланады. М.Байғұт  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің оңтүстік облыстары бойынша арнайы тілшісі.

Есенқарақызы Ханбибі

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі. Бірнеше Құрмет грамоталарымен, медальдарымен, «Парасат» орденімен, «ҚР-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. С.Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты.
Қазақтың белгілі ақын қызы Ханбибінің алғашқы өлендері «Қанат қақты» жинағында жарияланды. Ақынның «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым » , «Махаббатым мәңгілік », «Жан айқай» деген кітаптары бар. Соңғы жылдары оның «Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты 2 томдығы, «Ай туады бозарып» және «Күн шығады қызарып» атты 2 томдығы жарыққа шықты..

Орынбай  Шойбек

Жазушының «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары», «Шырғалаң», ұжымдық жинақтарында әңгіме, повестері жарияланған. «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Сыңарқұлақ», «Сана», «Шапағат мен мейірім», «Әміршінің әлегі», «Қара азбанның қателігі», «Бүгінгі заман ертегілері», деген жеке жинақтары жарық көрген. «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» деген роман диологиясы оқырмандар қолына тиді. Мархабат Байғұтпен бірігіп «Қарлығаш әулие Төле би пьесасын » жазды. Шымкентте тұрады. 1987 жылы «Жалын» журналы мен республика Ішкі ісетр министрлігі бірігіп жариялаған жабық бәйгеде «Қателік» атты детективті повесі жүлделі орынды жеңіп алды. Жалпы «Жалынның» шытырман оқиғалы шығармаларға арнаған жабық бәйгесінің екі дүркін жеңімпазы. Бүгінде облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істейді. Жұбайы Асхан Майлыбаева облысқа белгілі журналист, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің жауапты хатшысы. Асхан Қожакелдіқызының да ақындығы бар. Ұлы Арнұр – заңгер, ұлы Шапағат — әнші, сазгер, КТК телеарнасында жұмыс істейді. Қызы – Айнұр

Төретай   Қабылбек

Төретай Қабылбек Қазақстан Республикасы Жазушылар және журналистер одағының, сондай-ақ облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, облыстық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер қауымдастығының төрағасы. Қабылбектің алғашқы жырлары «Жетісай әуендері» атты жинақта жарияланды. Ол «Қазығұрт — Қайнарбұлақ», «Бас-басына би болғаннан сақтасын», «Жан шуағы», «Қаракөз қалқам», «Арымның алауы», «Найзағай намыс» деген кітаптардың авторы. Шымкент қаласында, тұрады.

Көктәнді Хамза

«Күн саңы», «Арман қуып адассам, кешір мені…», «Адуын ағыстар», «Құбылыс» атты жеке жыр жинақтары, «Мен сені көргелі», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Ойдың күші», т.б., сондай-ақ 1999 жылы «Өмірдің он сегіз жылы» айдарына топтастырылған үш томдығы («Алшы», «Көз аясындағы әлем», «Қалтарыстағы қазына») Алматыдан, 2001 жылы «Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы» атты тарихы-философиялық жанрдағы кітабы Мәскеуде жарыққа шықты. 2003 жылы «Шыңғыс ханның шындығы – қазаққа жасырылған құпия» атты монографиясы роман-газет болып оқырманға жол тартты. 2010 жылдан бастап үш айда бір рет жарық көретін республикалық әдеби-мәдени бұқаралық басылым «Ән-қазына» альманағын шығарды.2011 жылы «Ақтолғай» деген атпен екі кітабы жарық көрді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР