19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Жаңа жылдық сөйлесулер 30 млн.минуттан артық болды

Beeline  Қазақстан тұтынушыларының жаңа жылдық құттықтаулары. Былтырғы жылмен салыстырғанда 30 млн минуттан артық болды. 

8 қаңтар 2014 ж., Алматы қ.  Beeline Қазақстан жаңа жылғы сөйлесулер ұзақтығы өткен жылдармен салыстырғанда біршама өскенін баяндайды.

31 желтоқсанда дыбыстық сыртқы қоңыраулар саны 69 016 883 жетті, былтырғы жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 12 460 361-ге артық (өткен жылы — 56 556 522 қоңырау).
Жаңа жылдық түндегі жүктеменің ең жоғарғы  шегі кезінде – 1 қаңтар күні сағат 00:00-де 11 469 075 сыртқы қоңырау шалынды (өткен жылы – 11 056 743 қоңырау).
Beeline Қазақстан клиенттері 31 желтоқсанда бір-бірін 140 148 704 минут бойы құттықтады, былтырғы жылғы осы кезеңмен саалыстырғанда 30 110 325 минутқа артық (өткен жылы — 110 038 379 минут).
Трафиктің ең жоғарғы көлемі 2014 жылы 1 қаңтарда сағат 00:00-де байқалды, бұл уақытта абоненттер  15 984 780 минуттан астам уақыт хабарласты (өткен жылы — 12 775 980 минут).
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзьдің пікірі:
«Beeline Қазақстан компаниясының техникалық дирекциясы жыл сайын мерекелер қарсаңында қажетті шаралар кешенін жүзеге асырады. Бұл жұмыстар биылғы жылы да желі жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етті, ал біздің клиенттеріміз туған-туыстарын еш қиындықсыз мерекелерімен құттықтай алды».

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР