07-04-2022
23.3 C
Шымкент

Жолдау: Саннан сапаға өтетін кез келді

Елбасы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз, Жолдаудың стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. joldauuuu

Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталып отыр. Жолдаудың басты ерекшелігі, Елбасының өзі айтқандай, 30 дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр.  Экономиканың өсімі жылына 4 пайыздан кем болмауы міндеттелді. Ал егер, өсім 5-6 пайыздан жоғары болса, стратегиядағы көзделген мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізетініміз атап көрсетілді. Сол себептен Президент саннан сапаға өту мәселесін ерекше атап өтті. Озық, нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізу, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне басымдық берілді. Біздің өңір үшін де маңызды болып табылатын шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығына және әлеуметтік салаларға, жұмыссыздықпен күреске ерекше тоқталды.

ОҚО әкімі Жолдауда Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналу керектігі оңтүстікқазақстандықтар үшін қуанышты хабар екендігін, сонымен бірге бұл жергілікті билік үшін үлкен жауапкершілік болатынын атап өтті. 

Өңір басшысының пікірінше, ғылым, инфрақұрылымдар мен логистиканы дамыту жайлы айтылған міндеттердің аймақ үшін маңыздылығы тағы да дәлелденіп отыр. Жергілікті биліктің құзіретін күшейту керектігі және соған сәйкес сұраныстың да болатындығы — бұл да осы Жолдауда айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі.

Жолдау — мемлекеттік мекемелер үшін міндетті түрде орындалуға тиіс саяси құжат. Облыс әкімдігі жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Ал, облыс тұрғындары бұның алдында қабылданған Жолдауларға көрсеткен қолдауларын биыл да жалғастырып, бірліктің арқасында осы Жолдау аясында да тиісті жұмыстар атқарылады деген сенімдемін. 

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкім.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР