test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Әкімдік пен банк ортақ келісім жүргізді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұловты қабылдады.  Кездесу барысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру жайы сөз болды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 6A044C08-4416-46CA-AE89-87E3D0AFAF33_w640_r1_s_cx0_cy17_cw0

Халқы тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыруда жоғары әлеуетке ие әрі өңірде мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асырудың мүмкіндігі де мол. Соған орай, банк алдағы уақытта сынақтан өткен әдіс бойынша кәсіпорын, мекеме  қызметкерлеріне баспана салу үрдісін облыс аумағында қайта жандандырмақ. Бұл ретте банк басшысы А. Жұмағұлов аймақтардағы тұрғын үй нарығына сараптама жасалып, ол бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бәсекеге қабілеттілігімен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары үшін тиімді болатынына көз жеткізгенін алға тартады.

Өз кезегінде облыс әкімі жергілікті атқарушы билік пен банк арасындағы үйлесімді жұмыс пен тиімді әріптестік өңірдің тұрғын үй саласындағы әлеуетін барынша пайдалануға септігін тигізетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтар үшін ыңғайлы әрі жайлы баспаналар салып, бағдарлама аясында межелеген мақсаттарға жету үшін жұмыс қарқынын үдету басым бағыт болуы керек. 

Осыған орай, екі жақты кездесу барысында облыс әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы мемлекеттік бағдарламаның  «Жас отбасы» бағыты бойынша «Нұрсәт» шағын ауданында жеті нысанның құрылысын жүргізу бойынша әріптестік келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР