Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
«Аталмыш Конвенцияны ратификациялау еліміздегі ең төменгі жалақыны белгілеу және Қазақстанның осы саладағы нормаларды сақтау бөлігінде халықаралық стандарттарын енгізілуін қамтамасыз етуге бағытталады», деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев. Оның айтуынша, аталған заң жобасына комитет тарапынан қорытынды әзірлеу 31-ші наурызға дейінгі мерзімге белгіленіп отыр. Бұдан бөлек, жалпы отырыста палата депутаттары «Жалақыны көтеру туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын да Мәжілістің өндірісіне алды.
Дерек көзі: kaz.gazeta.kz