Ресейліктер Шымкентте жобаның таныстырылымын өткізді және өңірдің ауыл шаруашылық өндірушілері үшін оның артықшылықтарына тоқталды. Олардың пікірінше, жоба табысты болмақ әрі кептірілген өнімдерге деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етпек. Сонымен бірге, жоба бастамашылары өз өнімдерінің жаңа піскен жемістер мен көкөністердің орнын толыққанды алмастыра алатынына сенімді. Өйткені оған ешқандай қоспалар мен консерванттар қосылмайды.
Ресейлік тараптың ойынша, Оңтүстік Қазақстан осындай кәсіпорынға негізгі шикізат жеткізушісі бола алады екен.
Өз кезегінде ОҚО әкімінің орынбасары компания өкілдеріне өңірдің ірі ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу ұйымдастыруға уәде берді. Сондай-ақ, инвесторлар осындай зауыт салуға болатын аудандарды аралап шықпақ.
Қазақпарат.