test
11-07-2024
34.3 C
Шымкент

Театрлар тағдыры талқыланды

Қазақстан Үкіметі өз отырысында барлық облыс әкімдерінің қатысуымен тұңғыш рет отандық театрларымыздың көкейкесті проблемаларына арналған арнайы жиынын өткізуде.  
Отырыс барысында негізгі баяндама жасаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атап өтуінше, алдағы уақытта рет-ретімен ұлттық мәдениетіміздің басты салалары театр, кино, кітапхана және мұражай істеріне арналған Үкімет отырыстары өткізіліп, саладағы қордаланған мәселелер талқыланады. Сонымен қатар оларды шешудің жолдары қарастырылатын болады.
«Міне, осындай талқылаулардың негізінде еліміздегі Мәдени саясаттың 2030 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы жасалатын болады», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР