21-09-2021
21.3 C
Шымкент

ШҰҒЫЛ: Теңге құлады…

Қазақстанда АҚШ доллары 186 теңгеге жетті 040726680

Қазақстанда АҚШ доллары жоғарылап кетті. Бүгін Қазақстан биржалық қорының саудасы (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 186 теңге деңгейінде ашылды.  Ал БТА банктің ресми сайтында доллар бағамы 182 теңге көлемінде көрсетілген. Сатылым 1 доллар үшін 190 теңге көлемінде.  Альянс банктағы бағам 1 доллар үшін 155 теңге, сатылым — 215 теңге.  ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты,  — деп хабарлайды орталық банктің баспасөз қызметі.

«2014 жылдың 11 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады», — делінеді хабарламада.

Дерек көзі: газета.кз.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР