2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент түбінде АН-72 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 27 адам қаза тапқан болатын. Осы ұшақ апатына байланысты, 2014 жылдың 4 наурызында Шымкент қаласының Абай аудандық сотында «Казаэронавигация» РМК Шымкент филиалының диспетчері Қ.А.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-бабы 3-бөлігі бойынша қаралып жатқан қылмыстық іс материалдары 42 бумадан тұрады, оған 27 жәбірленуші мен 8 куә қатыстырылады. Сотталушыға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық
сотының баспасөз орталығы