23-04-2022
26.3 C
Шымкент

Оқушы қылмыскерді табуға көмектесті

Шымкентте 16 жасар мектеп оқушысы ауыр қылмысты ашуға көмектесті. Он бірінші сыныпта оқитын қыз бала ОҚО ІІД қызметкерлеріне мектеп мұғалімін өлтірген күдіктіні суреттеп берді. polissssia

«Қыз бала қанды оқиға орын алған күні кешқұрым қолында сөмкесі бар көршісінің үйіне кіріп бара жатқанын көрген, артынша ол дәл сол сөмкемен кіреберістен жүргіре шыққан жас жігітті көрген. Оқушы қыз жас жігіттің өңі бозарып, абыржып тұрғанын байқап қалған. Алдымен ол көліктің артындағы орындыққа, содан қайтадан шығып рөлге отырған. Ол күдіктінің түрін, көлік маркасын және нөмір белгісінің кейбір сандарын есте сақтап қалған, — дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.

Еске сала кетейік, шымкенттік мектепте бастауыш сыныпқа сабақ беретін оқытушының өлі денесін пәтерінен күйеуі тапқан. Ол полицейлерді шақырған. Ізін суытпай, оқушы қыздың арқасында күдікті дер кезінде ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті жұмыссыз жүрген 1994 жылы туған Шымкенттің тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында жас жігіт әйелді ақша үшін өлтіргендігін мойындады.

Қылмыскер қайтыс болған әйелдің қызының танысы деген болжам бар. «Ол үйге қызына бірдеңе беруім керек деген сылтаумен кірген. Әйел оған сеніп қалған. Қырын қарап тұрған сәтте жігіт жон арқасынан пышақтай бастаған. Әйел қарсылық білдіргеніне қарамастан, қылмыскер дегеніне жеткенше тоқтамаған. Сарапшылар 16 жерден пышақ тығылғанын айтты», — дейді С.Қаракөзова.

Күдіктіге қарсы ҚР ҚК 96-бабы және ҚР ҚК 179-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал қылмыскерді ұстауға көмегін берген оқушы қызға бүгін ОҚО ІІД генералы Асқар Оспанов алғыс білдірді. Оған ноутбук сыйға тартты және кез келген ведомстволық ЖОО-ға түсуіне жәрдемдесуге уәде берді. Оқушы қыз биыл мектепте оқуын аяқтайды, ІІМ-нің оқу орнына түсем деп жоспарламаған. Сондықтан, бұл ұсынысқа бір апта ойланғаннан кейін жауап беруге уағдаласты.

Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР