02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Шымкентте палау фестивалі өтті

Шымкентте фестивальға қатысушылар аталмыш шығыс тағамының 28 түрін әзірледі.  Шараны Бейбітшілік және келісім  жол картасының шеңберінде облыстық өзбек ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырды және мұны Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арнады. palauuu

«28 адам аспаздық шеберліктерін көрсетті.  Олардың екеуі — Өзбекстаннан, қалғандары  Оңтүстік Қазақстан облысының әр  аудандарының аспаздары. Шымкенттен де  қатысушылар бар», — деп хабарлады өзбек  ұлттық мәдени орталығының басшысы Икрам  Хашимжанов.

Палауды дайындау үшін 3 келі күріш қажет.  Қатысушылар нәтижесінде 340 келі палау  әзірлеген. Әр тағамның өзіне тән ерекше дәмі  болған. Мұнда президенттік, сайрамдық,  ташкенттік той палауы, өзбек палауы сияқты  тағамдар ұсынылды. Сонымен бірге махаббат,  достық, бірлік палауы пісірілді. Ұзаққа созылған кеңесуден кейін әділқазылар Шымкенттік Ғаниевтар отбасының палауын үздік деп таныды. Олар шығыс тағамын  әзірлеу құпиясын ұрпақтан-ұрпаққа табыстап келеді. Отбасы аптасына бір рет палау әзірлеуді дәстүрге айналдырған. Ол кезде дастарқан басына барлық отбасы мүшелері жиналады.

Дерек көзі: Қазақпарат (фото)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР