23-04-2024
18.3 C
Шымкент

Шымкентте жалпықалалық марафон өтті

«Қала күні» қарсаңында Шымкентте жалпықалалық жүгіру марафоны өтті. марафооннЖарыс Қонаев Рысқұлов көшелерінің қиылысынан басталып, Бəйдібек би даңғылымен жалғасып, Наурыз алаңында мəресі сызылды. Спорттық шараға 4000 нан аса қала тұрғыны қатысты. Биылғы шараның ерекшелігі сол, жалпы қашықтық 7 шақырымға созылды. Марафонда ең жас қатысушы ретінде  8 жасар Нұрсұлтан Құдайберген   тіркелсе, ең үлкен атлет 66 жасар Жиленбаев Мұхамедали қатысты. Жарыста 9 жас ерекшелігіне 18 спортшы жеңімпаз атанып, қала əкімінің алғыс хатымен жүлделі сыйлықтарға ие болды. Одан бөлек тағы 5 марафоншы «Жеңіске ынтасы үшін» номинациясын иеленді.
Шаһар басшысы  Ғабидолла Əбдрахымов жарысқа қатысқан барша тұрғындарға алғысын білдіріп, келе жатқан «Қала күнімен»  құттықтады. Жастармен естелікке суретке түсіп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Сонымен қатар осы күні қалада ардагерлер арасында шахматтан турнир өткізілді. Ал мемлекеттік қызметкерлер мен қалалық мəслихат депутаттарына бильярдтанажарыс ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР