04-09-2021
27.3 C
Шымкент

«Тойота Фортунер» автокөлігі алғаш рет Шымкент тұрғындарына таныстырылды

Шымкенттің іргесіндегі «Бүркіт» спорт базасында отандық жаңа «Тойота Фортунер» автокөлігі алғаш рет қала тұрғындарына таныстырылды. 562d9f6c6da05
Айтулы шараға қала әкімі ‪‎Ғабидолла‬‬‬‬‪ ‎Әбдірахымов‬‬‬‬ қатысып, жол талғамайтын көлікті алғашқылардың бірі болып тізгіндеп, драйв-тесттен өткізді. Сынаққа арналған арнайы жолда жаңа автокөлікті басқарған шаһар басшысы Тойотаның жүрісі мен жайлылығын жоғары бағалады.
Аталған шараға «Тойота Мотор Казахстан» ЖШС президенті Эцуо Хасино да арнайы келіпті. Ол өз кезегінде шымкенттіктер үшін аталған көліктің бағасы тиімді және қолжетімді болатынын жеткізді.
Айта кету керек, Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында аталған көлік 2014 жылдан бастап шығарылады. Жаңа зауыттың ашылуына қатысқан Елбасы сол кезде «Мен бұл зауыттың өнімі тек қана Қазақстанда емес, сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақтың және біздің басқа да көрші елдердің нарығын бағындыратындығына сенімдімін», — деген болатын. Болашақта жыл сайын шамамен 3 мың көлік шығару көзделіп отыр. Қазір биылғы жоспар бойынша 800 автокөлік иесін тапқан. Өндіріс үдерісіне шанақ жиынтықтарын дәнекерлеу, сырлау және құрастыру кіреді.
«Халыққа арналған үздік тауар» «Үздік Қазақстандық тауар» номинацияларының иегері Фортунер енді Шымкент тұрғындары үшін еркін сатылымға шықты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР