08-09-2021
34.3 C
Шымкент

Оңтүстікте жер сілкінді

Магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы — 15,2, тереңдігі — 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте — 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 4,2-ге тең  жер сілкінісі Алматыдан 126 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулері 19 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 10.21-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөл жағалауынан оңтүстік-батысқа жақын жерде болды. Зілзаланың энергетикалық класы — 9,2, тереңдігі — 15 шақырым.

Дерек көзі:; ttp://kaz.tengrinews.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР