10-04-2022
15.3 C
Шымкент

«Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure» көрмесі алғаш рет Шымкентте өтпек

29 және 30 қазанда Шымкент қаласында 1-Оңтүстік Қазақстан халықаралық  «Көлік, Логистика және Инфрақұрылым» — Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure 2015 көрмесі өтеді,- деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.  9160a989947638e4c52c6b5a3e5ff9f9

Жобаның мақсаты Оңтүстік-Қазақстан облысының транзит әлеуетінің және аймақтағы көлік және қойма инфрақұрылымының артуы болып табылады. Көрменің негізгі тақырыптары көлік, логистика, көлік инфрақұрылымы, қойма жабдығы және жол құрылысы.  Экспозицияға Қазақстан, Ресей және Беларусь елінен 50-ден астам компаниялар қатысады, олардың ішінде Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы және оның құрамына кіретін кәсіпорындар; Asia Techno Complect; Ck Logistics; Continental Logistics; Dala-Trans; Damu Logistics; Dhl Logistics; Interlink Global Services; Nimex-Trans; Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы;  Атасу Компаниялар тобы; Шымкент әуежайы; Кифато МК Орталық Азия; Логитекс; Көлік-Логистикалық Аумақ және басқалар.

Көрмеге қатысушылар жолаушылар және көліктің әр түрімен жүк тасымалдау; жобалау, құрылыс және әр түрлі тағайындаудағы қоймаларды жабдықтау; жол құрылысы, арнайы техниканың диагностикасы және жөндеу саласындағы қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ көрмеде жол-құрылыс арнайы техникасы, жүк автокөліктері және қосалқы бөлшектер; арнайы техника мен автокрандар; көлік логистикасын оңтайландыру жүйелері және т.б. көрсетілетін болады. 29 қазан күні көрме аясында «Оңтүстік-Қазақстан облысындағы көлік әлеуетін және логистикалық инфрақұрылымды дамыту» деп аталатын конференция ұйымдастырылатын болады, оған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «СПК «Шымкент» ҰК Басқармасының Төрағасы Талғат Алпысбаев, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров, сондай-ақ қазақстандық және шетел кәсіпорындарының басшылары қатысады. Конференция барысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында дамыған ұлттық көлік-логистикалық жүйесінің қалыптасуына, көлік–логистикалық инфрақұрылымын дамытуда бизнес рөлін арттыру, Шымкент қаласындағы халықаралық әуежай құрылысы және ОҚО-да логистикалық инфрақұрылымды дамытудың көкейкесті сұрақтары бойынша ерекше назар бөлінетін болады.  Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure 2015 жобасының ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақтан облысының әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі; Оңтүстік Қазақтан облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы; «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ; «Kazlogistics» көлік қызметкерлерінің одағы; Қазақстан Республикасы Экспедиторларының Ұлттық қауымдастығы (ҚЭҰҚ); Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы (ҚазТВО) және «УК «Көлік-Логистикалық Аумақ» ресми қолдау көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР