15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Отырар ауданына — 80 жыл

Отырар ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1145 жылдығы және ауданның 80 жылдығына арналған «Ұлы дала өркениеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті,- деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. IMG-20151024-WA0010

Аталған мерекелік іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қ.Айтаханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов, ақын М.Шаханов және Астана мен Алматы қалаларынан келген тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы Б.Атамқұлов Отырар ауданының жері ғалымдар үшін тарихи-археологиялық жәдігерлерге толы екенін және бұл елді-мекеннің аймақтағы туризмді дамытудағы зор әлеуеті барын атап өтті.  Отырар ауданының 80 жылдығы, вальс королі Ш.Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтой құрметіне ауданда бірнеше жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Торқалы тойға келген қонақтар бұл күні, ең алдымен, Шәмші Қалдаяқовтың туған жері Сарыкөлдегі монументтің ашылуына қатысты. Ұлы сазгердің кіндік қаны тамған топырақта ашылған ескерткіш монументі демеушілер есебінен салынған. Биіктігі 3,5 метр, тұғыры 1,5 метрді құрайтын ескерткіштің құны 3,5 миллион теңгеге тең. Сонымен қатар, бұл күні Қарғалы ауылындағы 75 орындық «Әсел» балабақшасы, Шәуілдір елді мекеніндегі «Келдебек ата» балабақшасы пайданалуға беріліп, «Алтын домбыра» монументі ашылды. Ұзындығы 18, тұғыры 1,5 метрді құрайтын ескерткіштің жалпы құны 7 миллион теңге. Монумент демеушілер есебінен салынған. Есігін жаңадан айқара ашқан нысандардың қатарында аудандық кітапхана, ардагерлер үйі мен «Керемет» отбасылық орталығы да бар.  Отырар ауданы әлемдегі ең көне шаһарлардың бірі. Мұнда дүние жүзіне әйгілі Әбу Насыр Мұхаммед бастаған 30 әл-Фараби туған, мұсылман әлемінің ардақтысы А.Иассауидің ұстазы Арыстан баб жерленген, Александриядан кейінгі екінші кітапхана болған. Ежелгі Отырар — небір археологиялық олжалардың отаны. Аумағы 18070 шаршы шақырымды алып жатқан өңірде 54 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 42 елді мекен, 13 ауыл округі бар. Жергілікті тұрғындар мал және егін шаруашылығымен, кәсіпкерлікпен айналысады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР