18-09-2021
33.3 C
Шымкент

Елбасының атынан сыйлық сертификатын табыстады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов соғыс және еңбек ардагері Қаратай Төлебековтың отбасына барып, Мемлекет басшысы атынан мерекемен құттықтады. Жылы жүздесу кезінде ардагерге Елбасының атынан сыйлық сертификатын табыстады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 20151129183855

Қадірменді қария өзін мерекемен құттықтаған ҚР Президенті мен өңір басшысына алғыс білдіріп, егемен елімізді өсіп-өркендету жолында атқарылып жатқан игі тірліктерді қолдайтынын жеткізді. Ел құрметіне бөленген Қаратай Төлебеков 1924 жылы Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылында туған. Майдангер 1942-1950 жылдары Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. Екінші Прибалтика майданында 240-ші полктің 482 жеке батальоны құрамында ұрыстарға қатысты. Көрсеткен ерліктері үшін ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

От пен жалында шыңдалған жауынгер 1950-1958 жылдары саяси партия органдарында қызмет етті. Кейін 1962-1986 жылдары Шымкент кооператив техникумында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта арнаулы оқу орындары директорлар кеңесінің төрағасы жұмыстарында істеді. 1998-2004 жылдары Шымкент политехникумында менеджмент кафедрасында меңгеруші болды. Ал, 1998-2004 жылдар аралығында «Мирас» университетінде дәріс беріп, құрметті профессор атанды. Ардагер жары Қымбат Бердалиева екеуі төрт перзент тәрбиелеп өсіріп, олардан 8 немере сүйген бақытты ата-ана.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР