05-09-2021
35.3 C
Шымкент

Бизнестің жаңа бағытын жүзеге асырды

Шардаралық кәсіпкер Марат Жораев өз бизнесін 17 жыл бұрын фотосалоннан бастаған болатын. Осы уақыт аралығында кәсіпкер тек қана қаладағы танымал фотосалонға дейін аса үлкен емес фотостудиясын дамытып қана қоймай, және де сурет пен видео түсіруден бастап үйлену тойлары үшін автокөліктерді жалға беруге дейінгі қызметтердің бүкіл шоғырын ұсынды. Ал өткен жылы бизнестің мүлдем жаңа бағытын жүзеге асыруға «Даму»  Қорының кепілдендіруіне ие болды.  1437029252ljjl4_1000x768

Мараттың фотосалоны өзін қаладағы фото түсіруден бастап, соның ішінде шақыру қағаздарын дайындауға дейінгі қойылымды фото түсірілімдер, виньетка, ілуге арнап жасалған қалқандарды безендіру сияқты қызметтердің кең шоғырын ұсынатын маңызды және үздік фотостудиялардың бірі ретінде ұсынды, ал оның тәжірибелі ұжымы клиенттің кез-келген көркем тапсырмасын орындауға қабілетті.   Фотосалон қаладағы 39 мектептің 38-не, 8 балабақшаға, аурухана сияқты мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді, сонымен қатар фотостудия үйлену тойларына қызмет көрсетеді.

«Бизнес аз бюджетті талап етеді, керекті құрылғыны бір рет сатып аласың және өз ісіңе шығармашылықпен жақындап, одан әрі өсіру қажет болғандықтан  өзін-өзі жылдам ақтайды», — дейді Марат – «Бизнесте мен нарықтың қажеттіліктеріне қарай бет алдым, тек фотосалон ғана жұмыс жасап тұрған кезде, мен келушілерден залдарды безендіруге, үйлену тойларындағы кортедждерге сұраныстың көп екендігіне назар аударып осы бағыттарды меңгере бастадым».

Ал 2008 жылы Марат қызметін кеңейтеді және салтанатты кештерді, залдарды, сахналарды, үйлену тойларындағы кортедждерді безендірумен және от шашуларды ұйымдастырумен және т.б. айналыса бастайды. Бұнымен қоса, клиент үйлену тойы үшін келіншектің той көйлектерінен бастап кортедждер үшін автокөліктерді жалға беруге дейінгі салон ашады.

Марат Жораев бұл қол жеткізгенімен тоқтап қалмады және өткен жылы жаңа бағытты меңгереді – ең бастысы Шардара, Шымкент, Алматы, Астана және Новосибирск бағыттарына қала аралық жүк тасымалдау. Бұл қалаларға бизнесмен шардаралық шаруалармен өсірілген балғын жемістер мен көкөністерді, сонымен қатар балық өнімдерінде тасымалдайтын болады, өйткені аталған ауданның негізгі қызметтерінің бірі бақша өнімдерін өсіру және балық шаруашылығы болып табылады.

Жылдам бұзылатын және мұздатылған өнімдерді тасымалдау үшін жүк көлігін алуға қаражат жетпеді және өткен жылдың қазан айында бизнесмен қаржылай қолдау алу үшін «Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Аймақтық Филиалына келеді. Аз уақыт ішінде «Даму» Қорымен несие соммасынан 50% мөлшерінде кепілдендіру ұсынылды, бұл кәсіпкерге қажетті жүк көлігін алуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР