test
09-07-2024
31.3 C
Шымкент

«Ұрпақ+» жобасы басталды

2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы  басталды2f64d734ebe105b1848fef1bfb97848e

2015 – 2016 жылдарға арналған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №135-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімімен бекіткен. Жоспарда өскелен ұрпақтың тарихи-өлкетану, туристік дамытуға,  сондай-ақ  тәлімгерлер арасында Отан тарихына, өлкетануға, мәдениетке деген қызығушылықты дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыруға, балалар және жастардың шағармашылық өзін-өзі дамытуға ықпал етуге назар аударылған.  «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы мектеп, техникалық және кәсіптік оқу орындары тәлімгерлерінің зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту, өскелен ұрпақ арасында «Мәнгілік Елдің» негізгі қағидаларын танымал ету: азаматтық теңдік, еңбекқорлық, толеранттық, адалдық және отан сүйгіштік.  Жоба шеңберінде оқушылар тарих, археология және мәдениет саласындағы ұжымдық әрі жеке тақырыптық ғылыми-зерттеу, шығармашылық жобаларды іске асыруға қатысады. Жоба қосымша білім беретін балалар мен жасөспірімдерге арналған ұйымдарды дамыту жөніндегі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік шетелдік тәжірибесін ескеру арқылы әзірленген.

Жоба бойынша жұмыстың негізгі форматы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әртүрлі деңгейдегі жобаларды, олимпиадалар, қашықтық конкурстарды ұйымдастыруды көздейді.

Жұмыс бағыттары мыналарды қамтиды:

— ғылыми жобалар, олимпиадалар, әдеби оқулар;

— сәндік-қолданбалы шығармашылық және тарихты зерделеу бойынша үйірмелері;

— жас ұрпақтың оқуға, ата-бабаларымыздың әдеби мұрасына қызығушылығын арттыру;

— туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру, жас туристердің шеберлігін және тактикалық дайындығын арттыру, жоғары дайындықты балалар туристік ұжымдарын анықтау;

— балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін,  көшбасшалық құзыреттерін, патриоттық сезімдерін  дамыту.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР