04-09-2021
34.3 C
Шымкент

Некені онлайн тіркеуге болады

 Енді некені электронды түрде тіркеу ісін жетілдіруге мүмкіндік туды.  Некені онлайн режимінде тіркеу, тек Қазақстан Республикасының азаматты бірінші рет некеге тұратын, балалары жоқтар қолдана алады. bqEX5d3_zjo

Некені онлайн-режімде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін  электронды цифрлық қолтанба (ЭСҚ) болуы қажет. Екінші немесе одан да кейінгі некелерді тіркеуге арналған өтінішті электронды үкімет порталы арқылы бере  алмайсыз. Некені тіркеуге арналған онлайн өтінішті некеге тұрудың жоспарланған датасына дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде беру керек. Өтінішті толтыру рәсімі өткеннен кейін өтініш иелері АХАТ қызметінің өтінішті қабылдағандығы туралы хабарлама алады. Электронды өтінішті алған  соң әділет органы толтырылған өтінішті тексере отырып, некені  тіркеудің уақытын, күнің және орнын көрсетеді. Некеге тұруды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік баж салығын төлеуді электронды үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі жүйесі арқылы жүзеге асыруға болады.  Некені тіркеу үшін онлайн-төлемді өтініш берушілердің біреуі төлейді.  Сонымен, некеге тұруға ниет білдірушілер үйден шықпай- ақ, некеге тұру туралы электронды өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.

«ХҚКО»  ОҚО  Баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР