test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Кандидаттарды тіркеу аяқталады

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысы туралы брифинг болды. сай

Ортсайлаукомда болған брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы Қуандық Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстыра келе, бүгін партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталатындығын атап өтті.

«Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 19 ақпанда партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады» деді ол.

Айта кетейік, бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың ішінде 187 немесе 79,9 %-ы ер адам және 47 немесе 20,1 %-ы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі – инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары.

Дерек көзі: бақ.кз

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР