test
12-07-2024
27.3 C
Шымкент

Көктем жауын-шашынды болады

 

Биыл мешін жылының ауа райы өзгеше болды. Қыс мезгiлi  қатаңдық танытпады. Шымкентте желтоқсан-қаңтар, ақпан  айлары салыстырмалы түрде жайлы өттi. Керісінше, көктем ерте бой көрсетті. Бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүр  жарды. Ал өткен жылы наурыз айында күн суытып, қар жауғаны белгілі. Көктем мезгілі қандай болмақ? Синоптиктер не дейді?

?????????????????????????????????????????????????????????
?????????????????????????????????????????????????????????

«Қазгидромет» ОҚО бойынша РМК-ның мәліметінше, Оңтүстікте наурыз айы құбылмалы болады деп күтілуде. Бұлт шығып, жаңбыр жауып соңы  ұласуы ықтимал.

Наурыз айының 17-18-i күндерi аралығында күн  суытып, жауын-шашынды болады. Термометр бағамы  10-15 градус жылылықты көрсетеді. Таулы аудандарда қар жауып, 0 градусқа төмендейді. 22  наурыздан кейін ауа райы қайта   жылиды. Айдың үшінші онкүндігінде шымкенттіктер көктемге тән жаймашуақты сезіне алады. Бұл уақытта Оңтүстікте  ауа райы +12 +17 аралығында болмақ.  Метеоқызметтің мәлімдеуінше, сәуірде де өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Жалпы көктем жылы, жауын-шашын қалыпты болады.

«Шымкент келбеті»

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР