06-09-2021
34.3 C
Шымкент

50 отбасы солтүстікке көшті

ОҚО-дан 16 отбасы қоныстануға Солтүстік Қазақстанға жол тартты. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлім етті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 22222

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілген.  «Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары  мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдері арасында өзара ынтымақтастық меморандумдары түзілген. Облыста халқы тығыз орналасқан аудандармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылған іс-шаралар жоспары бекітілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 50 отбасы халқы тығыз аудандардан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды», — деді басқарма басшысы.  Баспасөз мәслихатына қатысқан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының өкілдері оңтүстіктегі халқы тығыз орналасқан облысымыздың Сарыағаш, Мақтарал аудандары мен Шымкент қаласында 27-29 сәуір аралығында бос жұмыс орындар жәрмеңкелері мен «Серпін» бағдарламасы аясында жастармен кездесулер ұйымдастырылғанын айтты.

Атқарылған іс-шаралар негізінде жалпы 3 мыңға жуық адам жәрмеңкеге қатысып, 906 отбасы көшуге ниет білдірді.  Кездесу соңында еліміздің Солтүстік Қазақстан облысына көшуге ниетті 16 отбасын (отбасы мүшесі — 38 адам) салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізу көзделіп жатқаны белгілі болды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР