test
01-07-2024
23.3 C
Шымкент

Облыс имамдарының форумы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі — ҚМДБ) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында орналасқан  «Мұса» салтанат сарайында “Оңтүстік Қазақстан облысының  имамдары”  облыстық  форумы  болып  өтті.  _SAM_666

Форумның мақсаты —  ҚМДБ тарапынан 2016 жылдың елімізде «Дін және тарих тағылымы жылы» деп жариялануына орай діни және тарихи дәстүрлеріміздің қолданыстағы жүргізілу барысын талқылау, алдағы келе жатқан қажылық маусымын кеңінен насихаттау, сондай-ақ, діни экстремизим мен  терроризмнің алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылу барысы, т.б. мәселелері жан-жақты сөз етілді.

Форумға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқан, облыстық ішкі саясат басқарасы және дін істер басқарасы, жергілікті құзырлы мекемелер өкілдері мен облыстағы 792 мешіттің қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің барлық имамдары қатысты.

Форумды облыстың Бас имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Форум барысында ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқан мырза «Мазһабсыздық – жарға жығады» атты тақырып негізінде дәріс оқыды.  Мұнымен қатар, облыс имамының орынбасарлары мен Зекет қорының өкілі арнайы қатысып, түрлі тақырып бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ,  форумның екінші бөлімінде ҚМДБ-ның Ғұламалдар кеңесінің мүшесі Ә.Сманов, РАНТ мүшесі А.Қуанышбаев арнайы уағыз айтты.  Сонымен қатар, форумға қатысушылар тарапынан  дінге қатысты 56-ға жуық сұрақтар қойылып, түгел жауап берілді. Сондай-ақ, форум соңында қатысушылар тарапынан арнайы алдағы уақытта жұмыс  бағдары ретінде  қарары  қабылданды.  Форум соңында асыл дінімізге еңбек етіп жүрген үлгілі ауылдық мешіттердегі имам-молдаларымыз  өкілдіктің арнайы алғыс хатымен  марапатталды.

Шара соңында «Мұса» салтанат сарайында барлық қатысушы делегаттарға түскі ас берілді. Жалпы, облыс деңгейінде ұйымдастырылып отырған форум жоғары деңгейде өтті.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР