01-09-2021
31.3 C
Шымкент

Жүлде қоры — 2 миллион теңге

ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен, «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Innovation-2016» бизнес-идеялар байқауының басталғандығын жариялау туралы брифинг өткізді.13654395_737388219697686_4689029465970127472_n
Байқаудың жалпы жүлделі қоры 2 млн. теңге құрайтын ең үздік 10 жобаға қарастырылған. Байқаудың негізгі мақсаты әлеуметтік тұрғыдан маңызды болатын, озық технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне ендіруге және дамытуға бағытталған жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау болып табылады. Бизнес-идеялар марафонына қатысу үшін байқаудың қатысушыларын іріктеу, байқауға қатысушылардың өз бизнес-идеяларын таныстыруы және жобаның әлеуметтік маңыздылығын мен жаңашылдығын аша отырып қорғауының негізінде жүргізіледі.
Байқауға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысуға өтінімдерді қабылдау брифинг кезінде бүгін 15 шілдеден бастау алып және 25 шілдеге дейін жалғасады, 26 шілдеде байқау комиссиясы ең үздік 20 (жиырма) бизнес-идеяларды таңдау өткізеді, сосын 28 шілдеде «RIXOS KHADISHA SHYMKENT» қонақүйінде байқауда іріктелген жобалардың қорытынды презентациясы өткізіліп, соның нәтижесінде «INNOVATION-2016» байқауының 10 жеңімпазының аты айқындалып, оларға әр бизнес-идеяға құны 200 000 теңге болатын сертификат табысталады.
Аталған брифингте 100 жас қатысушы қатысып, байқау ережелері туралы кез-келген қажетті сұрақтарына жауап ала алды.
Бүгінгі таңда «Innovation» бизнес идеялар марафонына ең үздік идеясы бар 200-ден аса жас стартаперлердің қатысуы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР