04-09-2021
17.3 C
Шымкент

Шымкенттік мұғалімдер шетелде білім алады

Шымкентте қаладағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Оған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Ізтілеуов, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров пен қала мектептерінің директорлары, ұстаздары қатысты. 0000

Биыл 124 мектеп пен 80 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтсе,  №13, 28, 38 білім ордасы мен №32, 45, 73 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, «Қаратөбе» шағынауданындағы 600 орынды, «Ынтымақ» шағынауданындағы 900 орынды жаңа мектеп бой көтеріп, оқушыларды қабылдауға дайын тұр. 2017-18 жылдар аралығында 13 жаңа мектеп пен 12 қосымша ғимарат құрылыстарын пайдалануға беру жоспарлануда. Білім саласындағы осындай оң істерді баяндаған қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева кемшіліктерге де тоқталды.

Ал қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2017 жылдан бастап мектеп директорлары мен ұстаздарды Финляндия елінде білімін жетілдіруге жіберетінін айтып қуантты.

-Біз қазір Финляндия еліндегі бірнеше университеттермен келіссөз жүргізудеміз. Келесі жылдан бастап мектеп директорлары сол елдің оқу орындарына барып 2 ай, ал ұстаздар 3 пен 9 ай аралығында білімін шыңдап, жетілдіретін болады. Бала əркез өз ұстазын үлгі тұтып өсуі керек, — деді Ғ. Əбдірахымов.

Қала әкімі бұдан бөлек, электронды бақылау жүйесін ары қарай қолдау мақсатында 28 мектепке екі мың дана ноутбук және де оқушыларды тасымалдайтын 20 автобус сатып алынатындығын жеткізді. Шара аясында білім саласында аянбай тер төккен ұстаздар қауымына арнайы Алғыс хат тапсырып, жаңа оқу жылында толағай табыстарға жетуге тілектестігін білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР