03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Шымкентте Шәмші әндері шырқалды

Оңтүстік Қазақстанда Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалінде VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысқан шарада аймақ басшысы жеңімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады.14519768_1080422722074066_2565219251555775045_n

Сонымен, VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын атасақ, өнер жарысының бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеңіп алды.

І орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР