test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсы жарияланды

 Қазақстан  Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсын жариялайды!photo_15622

 Бейнеконкурстың негізгі мақсаты – отандық өнімді таңдау жолы арқылы еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосуға халықты ынталандыру.

Бас жүлде

Facebook желісінде – бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге

Instagram желісінде — бейнеролик жеңімпазына 200 000 теңге

БЕЙНЕКОНКУРС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • «Қазақстандық өнімді таңдаймын» бейнеконкурсына оқушылар, студенттер, әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері, вайнерлер, блогерлер және өз бейне жобаларын ұсынуға дайын, барлық үміткерлер қатыса алады.
  • Бейнеконкурсқа қатысу үшін қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде ұзақтығы 1 минуттан және Facebook әлеуметтік желісінде ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген сала мен тақырыптағы жоба туралы бейнеролик түсірулері қажет.
  • Бейнероликте «Қазақстанда жасалған» және «NADLoC» логотиптерін міндетті түрде пайдалану қажет.

                аталған логотиптерді  kassymov@nadloc.kz электрондық мекенжайына немесе  Instagram-дағы madeinkazz немесе Facebook желісіндегі «Выбираю Казахстанское» тобына сұраныс жіберу арқылы ала аласыз.

  • #выбираюказахстанское, #25НЕЗАВИСИМОСТИ және #NADLоC хэштегін пайдалану.

МАҢЫЗДЫ:

  • Instagram әлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшін madeinkazz парақшасына жазылу қажет.
  • Facebook әлеуметтік желісінде бейнероликті орналастыру үшін «Выбираю Казахстанское» тобына тіркелу қажет.
  • «Қазақстандық өнімді таңдаймын» конкурсына арналған дайын бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі madeinkazz  парақшасына немесе  Facebook желісіндегі  «Выбираю Казахстанское» тобына жіберу қажет. Талаптарға сәйкес келетін бейнероликтерді топ үйлестірушісі әлеуметтік желіде жариялайды.

Конкурс мерзімі:

  • Конкурс 2016 жылдың 10 қазанынан бастап 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау ағымдағы жылдың 8-желтоқсанына жоспарланған.

Сздің бейнеролигіңіз:

  • Қазақстандық тауарөндірушіні қолдау маңыздылығы туралы сюжеттің мазмұнын, идеясын толық ашу;

Тыйым салынады:

  • Жарнамаланатын тауарларды басқа компаниялардың тауаларымен салыстыру, сондай-ақ, олардың ар-намысы, қадір-қасиетіне және абыройына жала жабу.
  • Балағаттауды пайдалану.
  • Қылмыстық сегменттерді қолдану.
  • Ішімдік және темекі өнімдерін пайдалану.

  Маңызды:

  • Егер бейнеролик жоғарыда конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, топ үйлестірушісі бейнероликті орналастырмауға құқылы.
  • Ұынылған бейнероликтерге авторлық құқық «NADLoC» АҚ-на тиесілі болады.

 Жұмыс қалай бағаланатын болады ?

  • Конкурстық жұмыстарды бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, құрамына бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдері, блогерлер, қоғам қайраткерлері кіретін комиссия құрылды. Facebook  және Instagram желілеріне жүктелген барлық жұмыстар топ үйлестірушісінің мақұлдауынан өтеді. Іріктеудің бірінші кезеңінде комиссия мүшелері қойылған бағалардың (лайктардың) санын анықтайды, бұдан кейін комиссия қатысушылары ұсынылған жұмыстарды талдаудан өткізіп, жеңімпазды белгілейді.

 Бейнеролик сапасы:

  • Анық сюжет
  • Камерамен жұмыс істей алуы (түсіру үшін кәсіби видеокамера, гаджеттер, смартфон қолдануға болады)
  • Таза дыбыс
  • Кадрдағы адамдардың тауарды ұсына алу қабілеті

Марапаттау орын:

  • «NADLoC» «Жергілікті Қамтуды Дамытудың Ұлттық Агенттігі» АҚ, Тұран БО, 18.Б.блогы, 4-қабат.

Сілтемелер: Кез-келген мәселе бойынша мына тел: 8(7172)79 76 96, 8701 197 -49-23, 8701-553-10-10 немесе Instagram-дағы «Madeinkazz», Facebook  желісіндегі «Выбираю Казахстанское» топтарына жаза аласыз.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР