test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Мақтаралда қарқынды баулар көлемі 70 гектарға ұлғаяды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтааралда биыл техникалық дақыл – мақта алқабының қатары 3 мың гектарға азайып, орнына картоп, көкөніс және бақша дақылдары мен жеміс-жидек және жүзім дақылдарын егу қолға алынуда. ағымдағы жылы болжамдық егіс құрылымына сәйкес, дәнді және бұршақты дақылдар 13884 га, техникалық дақылдар 80513,8 га (былтыр 83609,8 га-ға мақта егілген), картоп, көкөніс және бақша дақылдары 34020,9 га, мал азықтық дақылдары 9535,9 га егіледі деп күтіліп, бүгінде аудан шаруалары 890,2 га жерге түрлі көкөніс дақылдарын, 4562,2 га жерге бақша, 890,3 га жерге жаңа жоңышқа, 41 га жерге бау және жүзім екпелерін отырғызып үлгерді. Мұнан бөлек, аудан көлемінде 947 га жерге жеміс-жидек және жүзім дақылдары өсіріліп жатыр. Оның ішінде 105,4 га қарқынды бау және биыл оған қосымша 70 га жерге қарқынды бау орналастыру жоспарлануда.Сонымен бірге, Өндірілген өнім көлемін 2021 жылға дейін 90,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ауданда мақта дақылы негізгі дақыл болып саналатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан мақта дақылынан мол өнімге қол жеткізу үшін біріншіден тұқымдық шитке көңіл бөлінуде. Былтырғы жылы ауданда тұқымдық шит жетіспеушілігі орын алған жағдайы болды. Осы жағдайдың алдын алу үшін ауданда арнайы жұмысшы топ құрылып, нәтижесінде биыл ауданда 2985 тонна шит дайындалады деп жоспарланды. Осындай жоғары нәтижемен Мақатарал ауданы облыс экономикасына қарқынды үлес қосуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР