test
06-07-2024
32.3 C
Шымкент

Төлебиде тірлік қызу

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданы облыс экономикасына қомақты үлес қосып отыр. Қазіргі таңда Төлеби ауданына қарасты ауылдық округтерде шағын кәсібін дөңгелетіп отырған  644 жеке кәсіпкер бар. Олар түрлі салада тасын өрге домалатып отыр. Таулы аудан болғандықтан мұнда ауыл шаруашылығы да мал шаруашылығы да жақсы дамыған.  Әсіресе шағын мал бордақылау алаңшысын ашып ісін ілгерілетіп отырғандар көп. Дәлірек айтар болсақ, Алатау ауылдық  округінің тұрғыны жеке кәсіпкер М.Сұлтанқұлов өз қаржысына 34 бас мүйізді ірі қара бордақылап ауданды толықтай етпен қамтып отыр. Асыл   тұқымды 85 бас қой және 2 бас тәжік тұқымдас қошқар алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлерді ірілендіруге, бірігіп жұмыс жасауға шақыруда. Сонымен қатар ауданда бұрын соңды болмаған соны тірлік қолға алынуда. Өзен, көлі кем болғанымен мұнда балық шаруашылығы жандану үстінде. Сонымен қатар құс шаруашылығын дамыту қолға алынды. Алдағы уақытта ірі тауық фермасы салынып, ішкі нарықты қамтымақ ниетте.

А. Бектенова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР