02-09-2021
15.3 C
Шымкент

ОҚО-да тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады.
 Атап айтсақ, аталған бағдарламамен Шымкент қаласында — 21 үй,  Кентауда — 37 үй,  Арыста — 9 үй, Сарыағашта — 13 үй,  Шардарада — 8 үй, Мақтаралда — 10 үй.
 Бағдарламаның шарттары бойынша күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеуді, тұрғын үйдің инженерлік-инфрақұрылымын жаңғыртуды, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздейді.
 Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол үйлердің басым бөлігі 1934-1990 жылдары салынуына байланысты тозу деңгейі өте жоғары. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1393 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 2011-2015 жылдары, яғни бес жыл ішінде республикалық бюджет есебінен облыстың 9 аудан, қалаларында 188 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»:қалыптасқан мемлекеттің жаңа экономикалық бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымындағы қаулысымен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР