07-09-2021
27.3 C
Шымкент

Кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі тамақ өнеркәсібінде бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын макарон, ұн және сүт өнімдерін жоғары сапада дайындайды. Облыс экономикасын алға жылжытуда мұндай кәсіпорындардың жұмыс жүргізуі маңызды қадам.

Серіктестікті аралау барысында облыс басшысы отандық өнімге мемлекеттік тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын құру керек екендігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.  Сондай-ақ, кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында аймақ басшысы кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндірумен қатар, 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай компаниялар кәсіп ашып, жұмыс бастағысы келген азаматтарға тәп-тәуір үлгі деп білемін. Сондықтан, біз осы серіктестік секілді шағын және орта бизнес өкілдерін одан әрі көбейтіп, отандық өнімдер түрін көбейтуіміз керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кету керек, өз жұмысын 1998 жылы бастаған жергілікті «Алтын дән» кәсіпорны ел нарығында ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарында.

Бүгінгі таңда жұмыс күшін арттырған компания ұжымы «Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық өнімдеріміздің сапасымен Қазақстан нарығын ғана емес, алыс-жақын шет елдерді де мойындатып үлгерді. Серіктестікте жылына 8 мың тоннаға жуық макарон, 981 тонна сүт, 154 тонна ұн өнімдері өндірілсе, ұн өнімдерінің 60 пайызы көршілес мемлекеттерге экспортталады. Атап айтқанда, бұл өнімдер бүгінгі таңда Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан мемлекеттерінде сұранысқа ие.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР