Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Егер жуық арада жаңғырту аяқталса, елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарыла бастайды. Бұл облысымыз үшін ғана емес, еліміз үшін де үлкен жетістік болары сөзсіз. «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауыты облысымыздағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорынның бірі екені белгілі. Егер халықаралық талаптарға сай жанармай өндіре бастасақ онда облыс экономикасын одан да әрі өркендетуі кәдік. Бүгіннің өзінде қазына қоржынын қомақтыландырып отырған өндіріс орны болып табылады. Алдағы уақытта жергілікті жұмысшыларды тәжірибе алмасу мақсатында шетелге жіберу ісін жолға қойылмақ. Мұндағы мамандарды жергілікті орта оқу орындарын бітірген, кәсіптік лицейлерді бітірген жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда зауытты жоғары технологиялық құрал жабдықтармен жабдықтау күн тәртібінен түскен емес. Жаңғырту жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізілуде. Алдағы жылдары сапасы жоғары жанармай мен жағармайға қол жеткізетін боламыз.
А.Бектенова