15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Елбасыға түрлі ұлттар атынан алғыс білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-ші съезін өткізіп, қазақстандық бірлікті нығайту жолдарын сөз еткен Елбасы Оңтүстікке арнаған сапарында ең алдымен, түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ассамблеяның рухани жаңғырудағы рөлі ерекше. «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін ашып, қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы ассамблеясының» ғимаратын аралап көрді.
Этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, олар ұсынған «Бірлігіміз жарасқан» музыкалық композициясын тамашалап, жерлесіміз, Арыс қаласы әкімдігінде жемісті қызмет етіп, қазіргі таңда облыстық Қазақстан-Шымкент телеарнасында редактор қызметін аброймен атқарып жүрген, славян этномәдени орталығының мүшесі Анна Шолгина Елбасымен жүздесіп, пікірлесті. Кездесу барысында А.Шолгина Елбасыға Қазақстанның дамуына, түрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік жасап отырғанына алғыс білдірді.

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілікке тұрақтап қалды, өсті-өнді, ұрпағы жалғасты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР