04-04-2022
9.3 C
Шымкент

Кентау трансформаторлары «ЭКСПО — 2017» көрмесіне қызмет етеді

Биыл Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінде Кентау трансформалары жарықпен қамтамасыз ететін болады. Кентау трансформатор зауытының ұжымы құрастырған 80 МВт-тық трансформаторлар Астана қаласындағы ЭКСПО–2017 көрмесi өтетiн ең маңызды аймақты жарықпен қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде Қазақстанда тұңғыш рет жасалған ТРДН-80000/110 трансформаторын ЭКСПО–2017 көрмесi аймағына бас құрастырушы Әдiлбек Тәжiбаев бастаған зауыт мамандары орнатып, iске қосуда.
– ЭКСПО–2017 көрмесi өтетiн аумақтағы шағын стансаларда орнатылған трансформаторлардың басым бөлiгi Кентау трансформатор зауытында құрастырылған. Яғни, көрме өтетiн аймақты бiздiң зауыттан шыққан трансформаторлар жарықпен қамтамасыз етедi. ЭКСПО–2017 көрмесiне өз үлесiмiздi қосу – бiз үшiн үлкен абырой әрi мақтаныш, – дейдi «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқармасының төрағасы Хайрулла Қожабаев.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР