03-09-2021
18.3 C
Шымкент

ОҚО-да шегірткеге қарсы күрес жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында 20 сәуiрден бастап шегiрткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысы қарқынды түрде жүргiзiлуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудан әкiмiнiң өкiмiмен «Ауданда аса қауiптi зиянды организмдермен күресу үшiн ұйымдастыру және үйлестiру жұмыстарын жүргiзу» мақсатында арнайы штаб құрылған болатын. Көктем шығысымен-ақ зиянкестердiң ошағын анықтауға арнайы бөлiнген азаматтар зерттеу жұмысымен айналысып келедi.

Аудан әкiмi Болатбек Қыстауов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серiк Тұрбеков, басқа да сала мамандары Жаушықұм ауылының аумағында диқаншылықпен шұғылданып жатқан шаруалармен кездесiп, шегiрткемен күрес бойынша әңгiмелестi. Зиянкестермен күресуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатқанын айтқан басшылар осынау науқанға шаруаларды да жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

– Шегiрткемен күрес жұмысын облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев тiкелей бақылауында ұстап, зиянкестерге қарсы барлық керек-жарақпен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты бiздiң Шардара ауданында да бұл шаруа өз деңгейiнде ұйымдастырылуда. Биылғы жылы ауданда өсiмдiк зиянкестерiне қарсы барлығы 500 429 гектар жердi анықтау-зерттеу жұмыстары жүретiн болады. Бүгiнгi таңда, аса қауiптi саналатын марокко шегiрткесiмен күрес жұмыстарын жүргiзуге барлық жағдайды жасап отырмыз. Химиялық өңдеу жұмысына қажеттi су көздерi мен жұмысшылардың жатақ жайлары, дәрi сақтайтын қоймалар, бiр сөзбен айтқанда, барлығы да тиiстi деңгейде жұмыс iстеп тұр. Марокко шегiрткесiне қарсы 7 техника мен бiр «АН-2» ұшағы залалсыздандыру жұмысымен айналысып жатыр.Бiр сөзбен айтқанда, биылғы жылы жермен шұғылданып жатқан шаруаларымыз диқаншылықпен алаңсыз айналыса берулерiне болады,–дедi Болатбек Дүйсенбекұлы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР