19-04-2024
24.3 C
Шымкент

ОҚО-да интенсивті бау 8 мың гектарға жетпек

Аграрлы аймақ болып табылатын — Оңтүстік Қазақстан облысының егіс көлемі осы жылы 72,4 мың гектарға ұлғайтылып,   861 мың га жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, өңірде интенсивті бау, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары да белсенді түрде жүргізілетін болады. Мәселен, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма мен жаңғақ бауларын, ал Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу  көзделуде.  Дәстүрлі баулардан орташа гектарына 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті баулардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар. Осыны ескерген диқандар жаңа технология бойынша бауларды көбейтуді көздер отыр. Яғни, осы жылы интенсивті баулардың көлемі 8 мың га ұлғайса, жаңғақ көшеттері 2,5 мың га егілетін болады. Ал, жылыжайлар қосымша 1 177 га салынып, 2 300 га жетеді.  Сонымен бірге тамшылатып суғару әдісі 44 мың га енгізіледі. Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, 624 млрд. теңгеге, экспорттың үлесі  22 пайыздан,  35%-ға көтеріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, Оңтүстік облысы жылыжай шаруашылығын дамытуда алғашқы орында келеді. Жылдың төрт мезгілінің барлығы дерлік жылы әр қолайлы болып келетін бқл өңірдің мұнан да жоғары мүмкіндігі бар екенін ескерсек, мұнда шағын және орта бизнестің үлесі артатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР