test
10-07-2024
34.3 C
Шымкент

ОҚО тұрғыны ЭКСПО-ның миллионыншы билетін сатып алды

ОҚО тұрғыны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне миллионыншы билетті сатып алды.  Көрме ұйымдастырушылар оған сыйлықтар табыс етілді. Нақтырақ айтқанда, Қайрат Мамаев енді тегін жол жүреді, әрі жатар орны да ақысыз. Сонымен қатар, 1 жылға тегін қызмет көрсететін интернеті бар ұялы телефон сыйлыққа алды.Күтпеген тосын сый иесі болған ол  Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтта оқытушы болып қызмет атқарады. Оның айтуынша, ол өзінің отбасы мүшелеріне 4 билет сатып алған. Соның ішіндегі 1-еуі миллионыншы болып шыққан. Ал, «Астана ЭКСПО-2017» компания өкілдерінің пайымдауынша, миллионыншы билеттің сатылымы 1 маусымға жоспарланған екен.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР