06-09-2021
34.3 C
Шымкент

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

ОҚО Мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» фестивалінің жаңа маусымы басталды. Байқаудың мақсаты облыстың аудан, қалаларындағы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени ахуалы, тыныс-тіршілігімен танысу, үйірме жұмыстарының деңгейін бағалау болып табылады. Шара Бәйдібек, Созақ, Төлеби аудандарынан бастау алды. Осы аптада фестиваль Төлеби ауданы, Мәдени ауылдық округінде жарасымды жалғасын тапты. Ауылдық мәдениет үйі немесе клубта қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, ауылдың өнерлі таланттары мен көркемөнерпаз ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

-Ауылдық клуб өнерпаздары салт-дәстүрді насихаттайтын театрландырылған көріністер көрсетіп, ұлттық аспаптармен әндер орындады. Жас баладан еңкейген қарияға дейін жиылған фестивальде ауылдық округтің қолөнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылды. Концертте халық шығармашылығының жанрларынан ән, би, күй орындалып, айтыс қызды. Көркемсөз оқу шеберлері мен отбасылық ансамбльдердің тамаша өнеріне жұрт тәнті болды, — дейді Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов.

Барша аудан тұрғындары қатысқан шарада киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылды. Сонымен қатар, фестивальде қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, кітап, ұлттық киімдер және қолөнер көрмелері ұсынылды. Облыстан келген арнайы қонақтар жасалған шараға тәнті болып, ақ тілекайтып, алғастарын білдірді.

А. Байзахова                                                

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР