20-04-2024
26.3 C
Шымкент

ОҚО-дағы иран этномәдени бірлестігіне 20 жыл толды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Иран этномәдени бірлестігіне — 20 жыл толады.  Бүгінде Оңтүстікте 5 мыңға жуық иран халқы бар. Олардың көбісі Бәйдібек, Сарыағаш, Төлеби, Қазығұрт аудандарында шоғырланған. Иран этномәдени бірлестігіне Нұрсбек Капар Пур 2000 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Қазіргі таңда бірлестікте 34 мүшесі бар. Осы орайда, этномәдени бірлестіктердің жанынан құрылған жексенбілік мектептердің маңызы зор. Діндері мен салт-дәстүрлерін ұстануға мол мүмкіндік қарастырылған.

– Кеңестік дәуірде өзгелердің тіліне мән берген ешкім болмады. Содан болар, кейінгі ұрпақ парсы тілін білмей өсті. Бір қуантарлығы, этномәдени бірлестіктердің жанынан жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Мектепте оқулықтардың көбісі елшілік арқылы алынған. Кішігірім кітапхана қажетті оқулық, керекті құралдармен қамтылған. Қазір иран ұлтының өкілдері ана тілінде сөйлей бастады және 90-95 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Ана тілінің жоғалуына жол бермеген Қазақ еліне мұнда тұратын өзге ұлттар құрметпен қарауы тиіс, – дейді бірлестік жетекшісі.

Көршілерімізге бауыр басып кеткеніміз сонша, олар біздің ұлтымыздың иран екенін ұмытып кететін. Кейбір этностардың тіл үйрену қиын дегеніне сенбеймін. Біз қазақ халқының ортасында ана тілін тез үйрендік. Әкем үнемі, татулық, көрші парызы, елдің қадірі жөнінде айтып отыратын. Қазақтың қасиетін бойларыңа сіңіріп, бауырмалдығы мен дархан мінезінен үлгі алыңдар дейтін. Қазір әкемнің әлі күнге өсиетін орындап, берік ұстанып келемін. Қазақ ағайынның ортасында қалаған кәсібімізді өркендетіп, өсіп-өніп отырмыз. Мен ынтымағы мен бірлігі жарасқан, Қазақстанда оның ішінде салт-дәстүрі сақталған Оңтүстікте тұрып жатқанымды мақтан етемін, – дейді Нұрсбек Капар-Пур.

1946 жылы соғыстан кейін 600-ге жуық иран жігіті Қазақстанның оңтүстігіне, Бәйдібек ауданына жер аударады. Осы өңірге қоныстанған ұлттар өзге ұлттың қыздарымен отбасын құрады. Әкесінің айтуынша, қиын кезеңде жер аударылғандардың көпшілігі суық климаттық жағдайларға, аштыққа шыдамай, қазақтардың кең пейілі мен бауырмалдық қасиеті болмағанда бүгінгідей халге жетулері беймәлім екен.  Сондықтан Нұрсбек Капар-Пур үшін ұшы-қиыры жоқ көсіліп жатқан қазақтың кең даласынан қымбат мекен жоқ. Иә, қилы-қилы замандарда түрлі тағдырмен қазақ еліне қоныс аударған ирандықтарды қазақ халқы жатсынған жоқ. Құшақ жая қарсы алды. Қысылтаяң шақта шынайы жанашырлық танытты. Қазақстанға Иран ұлты өкілдері үш толқынмен келген. Алғашқы толқыны төӊкеріс кезеӊінде, екінші толқыны 30-шы жылдардағы аштық дәуірінде мал айдап келіп, саудалап жүріп тұрақтап қалады. Ал үшінші толқыны Ұлы Отан соғысынан кейін келгендер екен.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР