test
02-07-2024
15.3 C
Шымкент

Ұлттар татулығы бәрінен маңызды

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Осы орайда бүгін қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, қала әкімінің орынбасары Р. Айтбаев пен қалалық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбеков қаламыздағы қоғамдық келісімді сақтауға, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени орталық өкілдерін, атап айтқанда татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілі Бердібаева Зүбәржәт Мансұрқызын, өзбек этномәдени орталығының өкілі Абдурашитов Абдыкарим Шүкірұлын, славян этномәдени орталығының Сушева Валентина Дмитриевнаны, иран-әзірбайжан этномәдени орталығының өкілі Алиаскаров Ахмет Алиаскароглын Арыс қаласы әкімі М.Қадырбектің «Алғыс хатымен» және кәдесыйлармен марапаттап, жанұяларында болып, 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
Шара барысында этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын беріп, өсіп-өнулеріне, тілі мен дінінің сақталуына жағдай жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Әр этнос өкілдері әннен шашу шашып, ұлттық билерін билеп, тағамдарын ұсынды. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаған қала әкіміне алғыстарын білдірді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР