test
02-07-2024
28.3 C
Шымкент

Табиғат ананы аялайтын жастардың форумы

«ЭКСПО – 2017»  Халықаралық көрмесі шеңберінде ОҚО Шардара ауданында оқушылар арасында «Қазақстан – менің елім» тақырыбында аудандық форум өткізіліп, жеңімпаздар облыста өткен іс-шараға қатысып келді. Жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің жарысында оқушылар түрлі тақырыпта жұмыс жасап, аудандық форумда номинациялармен марапатталды. Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Нұргүл Құрбанбек «Табиғатты аялайық» тақырыбымен жасаған жұмысы «Жасыл оазис» номинациясына ие болды (жетекшісі Бәтима Мұсақұл). Сол сияқты, дәл осы мектептен Балнұр Икрамбайдың «Тауыс құсы» жұмысы «Қалдықтардың екінші өмірі» номинациясымен (жетекшісі Айымкүл Сымайылова), «Шардара» мектеп-лицейінің оқушысы Дариға Мәдидің жасаған жұмысы «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» номинациясымен (жетекшісі Зәмира Асқарова), «Қызылқұм» жалпы орта мектебінің оқушысы Ернұр Зият жасаған «Қарлығаш құсына арналған астау» жұмысы «Құс қанатындағы арман» номинациясымен (жетекшісі Таңшолпан Өтенбаева) марапатталды. Жастарды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумда ауданымызда өз елін сүйетін, табиғатын көздің қарашығындай қорғай алатын ұрпақтың өсіп келе жатқанын байқадық. Мұндай тақырыптағы пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіле беретін болмақ.
Нұргүл ӘСЕТ, аудандық білім бөлімінің инновация бойынша әдіскері.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР