test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Қызылордалық мамандар -Ордабасы өлкесінде

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаев бастаған топ тәжірибе алмасу мақсатымен Ордабасы ауданында болып, ауылшаруашылық саласындағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімі А.Мамытбеков қызылордалық қонақтарды қабылдап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі.
Іс-сапар барысында жалағаштық әріптестер «Бөрте-милка» сүт-тауарлы фермасына ат басын бұрды. Бұл кешен — өӊірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлық фермасы. Инвестиция көлемі 2,4 млрд. теӊгені құрайды, 400 бас сауын ірі қараға есептелген. Тәулігіне бір сиырдан 30-32 литр сүт сауылады. Сонымен қатар, қонақтар «Ордабасы құс» кәсіпорнын да аралап көрді. «Ордабасы құс» ЖШС жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн. теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңі индустриаландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылған. Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі 2014 жылы жүзеге асты. 140 жұмысшымен толыққан фабика өнімі екі есеге ұлғайды.Ал, былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.»Қайнар құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тындырымды тірлігі де жалағаштықтар назарына ұсынылды. «Аделя» шаруа қожалығының жылыжайынан соң сапар Шұбар ауылындағы жеке кәсіпкер Мейірбек Шынабайдың 2016 жылы іске қосылған фермерлік жылыжайында жалғасты. 1,3 гектарға орналасқан жылыжайда қызанақ өсіріледі, мұнда 7 азамат жұмыспен қамтылған. Өнімдерінің дені облыс орталығы мен ауданның сауда орындарына өткізіледі. Кәсіпкер жылыжайды іске қосу үшін 30 млн. теңге қаржы жұмсалғанын атап өтті. 2016 жылы жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай саны 84-ке жетті, бұл құрылымдар 68,45 гектарға орналасқан. Жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР