test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Тағы бес кооператив құрылды

Кооперацияның игілігі жөнінде Ордабасы ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы үш жақты келісім бойынша 6 өндірістік кооперативін құру жоспарланса, шаруалармен жасасқан келісім нәтижесінде бұл көрсеткіш нақты 10 кооперативті құрады. Бөген ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Орда-Басы Агро» кооперативі; Бөржар ауыл округі, Қайнар ауылындағы құс шаруашылығын дамытумен «Броллер-Құс» кооперативі; Шұбар ауыл округі, Тоқсансай ауылындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді дамытумен «Тоқсансай» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытумен «Дәбер Агро» кооперативі; Қараспан ауыл округіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Ырсымбет» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі балық шаруашылығын дамытумен «Орда жер» кооперативі; Шұбарсу ауыл округіндегі малдың сүтті тұқымдарын көбейтуді дамытумен «Саяжай Бастау» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Төрткөл-Агро» кооперативі; Жеңіс ауыл округіндегі егін шаруашылығын, ағын сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Халық» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен «Бес-Бота» кооперативі айналысуда. Жыл басынан бері де Қараспан ауыл округінен «Ақжол-Агро» кооперативі; Қарақұм ауыл округінен «Бірлестік-Агро» кооперативі; Төрткөл ауыл округінен «Мұрагер-Береке» кооперативі; Қажымұқан ауыл округінен «Асыл тұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі; Бөржар ауыл округінен «АгроАжар» кооперативі құрылып үлгерді. Шаруалардың белсенділігі артып, бұл бағытта тиянақты тірліктер атқарылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР