02-09-2021
30.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен бүгін Ордабасыда аудан әкімінің кубогы үшін «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубының сайысы өтті. Аталған шара Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналды.  7 команда ойын барысында «Экспо-2017» тақырыбын әзілмен ашуға тырысты. Ә дегенде ойын тартысты басталды. Қатысушы барлық командалар қызу дайындықпен келгені көрініп тұрды. Үй тапсырмасы мен 5 жаңалық додасында жастар тапқырлығымен танылды.  Жарасымды әзіл, астарлы сөз түйнеу бүгінгі шараның көрігін қыздыра түсті. Күлкінің күбісін піскендер осылайша көрерменді көтеріңкі көңілді күйге бөледі. Командалардың барлығы да бас жүлдеген лайықты болды. Дегенмен доданың аты дода. Көңілділерден оза шауып, әзіл додасының бас жүлдесі — аудан әкімінің кубогын «Жас Бөген» командасы жеңіп алды. Қажымұқан — І, Шұбарсу — ІІ, Шұбар командасы ІІІ орынды өзара бөліске салды. Жүлдегерлер Аудан әкімінің Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР